Қырғызстанда мемлекет үлесі 51 пайыздан кем болмайтын көмір өндіретін кәсіпорын құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда мемлекет үлесі 51 пайыздан кем болмайтын көмір өндіретін кәсіпорын құрылмақ

Қырғызстанда мемлекет үлесі 51 пайыздан кем болмайтын көмір өндіретін кәсіпорын құрылмақ

Бішкек. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда көмір өндіретін кәсіпорын құрылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 659
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудинов сейсенбі күні Қырғызстан Республикасы үкіметінің Қара-Кече көмір кен орынының негізгі қорын игеру шаралары туралы қаулыға қол қойды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстан Республикасының үкіметі Қаржы министрлігіне 2008 жылғы республикалық бюджет жобасын жасау кезінде «Капитал салымдары» бабы бойынша 29 млн сом көлеміндегі ақшалай қаражатты қарастыру, ал Қырғызстан Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне Қара-Кече көмір кен орынының негізгі қорын бірыңғай ұңғымамен игерудің пайдалылығының техникалық-экономикалық негіздемесін құру тапсырылған.

Сайтта хабарланғандай, Қырғызстан Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне Мемлекеттік геология және минералдық ресурстар агенттігімен және «Көмір» мемлекеттік кәсіпорынымен бірлесе отырып жоғарыдағы техникалық-экономикалық негіздеме бойынша бекітілген тәртіппен Қырғызстан Республикасының үкіметіне Қара-Кече кен орынында мемлекет үлесі 51 пайыздан кем болмайтын көмір өндіретін кәсіпорын құру туралы ұсыныс енгізу жүктелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті