ШҚО жыл басынан бері 60 өрт шығып, одан 9 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО жыл басынан бері 60 өрт шығып, одан 9 адам қаза болды

ШҚО жыл басынан бері 60 өрт шығып, одан 9 адам қаза болды

Өскемен. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері облыста 60 өрт шығып, одан 9 адам қаза болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Құтқарушылар дабыл бойынша 50 шақыруға аттанды. Өрт ұшқынының жайылуына, адамдардың селқостығы мен абайсыздығы себеп болған», — деп құлағдар етті ШҚО ҚСД баспасөз қызметінде.

«Глубокое ауданында көмір қышқыл газынан 4 адам уланып, қайтыс болды. Риддер, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында 3 адам қатты күйікке шалдығып, көз жұмды. Ал Өскемен қаласында өрт сөндірушілер екі адамды жылу желісінің құдығынан тапты «, — деді баспасөз қызметіндегілер.

«Зардап шеккендер арасында бір адамды құтқарып алуға мүмкіндік туды. «Медициналық жедел жәрдем қызметі» қол буынының 3 дәрежелі күйігіне шалдыққан адамды ауруханаға жеткізді», — деп атап өтті мамандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті