Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір асулардағы жолдар ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір асулардағы жолдар ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір асулардағы жолдар ашылды

Алматы. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 8 қаңтарда сағат 16.30 Шақпақ -Баба, Машат асуларында (Түлкібас ауданы), Қызықұрт ауданындағы республикалық дережедегі жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, 8 қаңтарда сағат 10.20 ауа-райының өзгеруінен ОҚО Созақ ауданындағы Таскөмірсау және Бәйдібек ауданындағы Одаман-Бұлақ асуларындағы облыстық дәрежедегі жол жабылды.

Сондай-ақ, Талдықорған-Қапал (Алматы обласы) бағытындағы жолда, Қапал поселкесінен 45 шақырым жерде қардың құрсауында10 автокөліктің қалғаны анықталды. 3 адам Қапал поселкесіне жеткізіліп, зардап шеккендер Абай ауылындағы жылыну пунктіне әкелінді. Ал көліктер ауа-райы тұрақталғанынша жолда қалдырылды. Апатты жағдайға тап болғандарға көмек көрсету үшін, ТЖ қызметінің 7 адамы және ҚР ТЖМ 3 бірлік техникасы жұмылдырылды, делінген баспасөз хатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті