Алматы - Ташкент республикалық дәрежедегі көлік жолы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы - Ташкент республикалық дәрежедегі көлік жолы ашылды

Алматы - Ташкент республикалық дәрежедегі көлік жолы ашылды

Тараз. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы -Ташкент республикалық дәрежедегі және Күйік, Шақпақ, Қордай асуларындағы жолмен жүру қозғалысы 9 қаңтарда сағат 12.00 ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісіне Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінде.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

Жуалы ауданында аудандық жолдарды қардан тазалап, тиісті шаруашылық заттарды жеткізу үшін, 25 бірлік техника мен 43 адам жұмылдырылды.

Ауыр халде жатқан адамдарға көмек көрсету мақсатында ҚР ТЖМ қорындағы ауданға жедел жылдамдықпен жүретін 2 бірлік техника жіберілді («КамАЗ» және «Нива Марш»).

Ауа-райына байланысты, Талас ауданының жолдарында көлік қозғалыстары тоқтатылды (Аса елді мекенінен Каратау және Жаңатас қаласы бағытында), деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Жуалы ауданында 24 градус аяз болса, Талас ауданында 16 градус суық, жел жоқ. Ал Қордай ауданында минус 14 градус, жел жылдамдығы секундына 10 метрге дейін барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті