Тасымалдаушылармен бірге өткен кеңес қорытындысы бойынша 1-ақпаннан бастап айлық жүру билетін 200 теңгеге арзандату туралы шешім қабылданды, енді оның бағасы 1 800 теңге тұратын болады. «Мектеп оқушыларына арналған жол жүру билетінің бағасы бұрынғыдай 500 теңге қалпында қалады»,- деп атап өтті жолаушылар тасымалын басқару орталығындағылар.
Енді Семейдегі жол жүру билеті республика бойынша ең арзан болып табылады, деп санайды қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығындағылар.
Өскеменде айлық жүру билеті 3 мың теңге, ал оқушылардың айлық жүру билеті 1 теңге тұрады.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 15-желтоқсанынан бастап «Азия Комби» компаниясының негізгі бағыттарда жүретін автобустардағы жол ақысы 10 теңгеге арзандап, 20 теңгені құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті