Қырғызстанда алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады

Қырғызстанда алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ақан айында алдағы бес жылға арналған тарифтік саясаттың үкіметтік тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Акылбек Туменбаев мәлім етті.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Бұл тұжырымдама осы саладағы әлемдік ағымдарды, энергетика саласының даму стратегиясын және тіпті өңірдегі электр энергиясының нарығы мен оның су ресурстарының пайдаланылуы секілді мәселелелрді де ескереді», — деді А.Туменбаев.

Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ пен ТМД аясында да осындай құжаттар дайындалуда. Ал қырғыз үкіметінің тұжырымдамасына тек Қырғызстанның ғана емес, сонымен бірге ЕурАзЭҚ елдерінің де энергетика саласындағы мамандарының жобалары қамтылады.

«Бұған қоса қуат үнемдеу қорын құру көзделуде, соның арқасында Қырғызстан өз аясында өндірілген электр қуатының үштен бір бөлігін үнемдей алады», — деді А. Туменбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті