Павлодар облысындағы бір ауылда қазіргі заманғы хоккей корты салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы бір ауылда қазіргі заманғы хоккей корты салынды

Павлодар облысындағы бір ауылда қазіргі заманғы хоккей корты салынды

Павлодар. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысы Қашыр ауданы Қашыр ауылында қазіргі заманғы хоккей корты салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 586
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметінше, қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін і заманауи хоккей корты облыстық бюджеттен бөлінген 25 млн теңге көлемінде қаржыға салынды. Мамандардың бағалауынша, қазіргі заманғы құрал-жабдық Павлодардағы «Астана» мұз сарайындағы секілді мұз сапасына қол жеткізуге мүмкіндік тудырды.

«Бұрын ауыл балалары жақсы мұз бетінде жылына бір мәрте ғана — облыстық сайыстарда ғана сырғанауға мүмкіндік алатын, ал қазір ауылда да барлық жағдайлар жасалған. Қазір нәтиже үшін де бас ауырмайтыны көңілге қонады; дарында балалар қаладағыдай ауылда да баршылық, мүмкін тіпті одан да артық шығар, ең бастысы — олар үшін ірі қалалардағымен бірдей жағдай жасау», -деді жаттықтырушы Василий Коношенко.

Аудан орталығындағы жаңа хоккей корты облыста қабылданған «Бұлақ» бағдарламасына сай салынған. Ол облыстың ауылдық аумақтарды барлық бағыттарда, соның ішінде спорттық инфрақұрылым саласында да дамытуды көздейді.

Бүгінгі жағдаймен Павлодар облысында «Бұлақ» бағдарламасы бойынша Баянауыл, Ертіс, Аққу ауылдардында да спорттық кешендер салынуда. Үш спорт залы мен жүзу бассейні бар ірі кешен жуырда Шарбақты ауданының орталығында да салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті