Жейхан терминалынан АҚШ-на Әзербайжан мұнайын артқан алғашқы танкер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жейхан терминалынан АҚШ-на Әзербайжан мұнайын артқан алғашқы танкер шықты

Жейхан терминалынан АҚШ-на Әзербайжан мұнайын артқан алғашқы танкер шықты

Баку. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жейхан терминалынан АҚШ-на Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын Әзербайжанның мұнайын артқан алғашқы танкер шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әзербайжанның ANS телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 595
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның мәліметтеріне сүйенсек, «осыған байланысты Жейханда өткен салтанатты жиынға Әзербайжан мен Түркияның ресми өкілдері қатысқан. Азербайжандық өкілдердің құрамына үкіметтің вице-премьері Абид Шарифов, Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев және басқа да ресми тұлғалар кірген».

ANS телеарнасының хабарлауынша, Жейхан терминалынан АҚШ-на әзербайжандық мұнай тасымалдайтын танкер Гейдар Алиевтің атымен аталған және де Palmali компаниясының тобына тиесілі. Кеме 120 мың тонна мұнай тасымалдауға арналған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Palmali Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының Джейхан терминалынан Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын әзербайжан мұнайының ресми тасымалдаушысы болып табылады. Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы мен Palmali арасындағы тиісті келісім-шартқа 2007 жылдың 2-мамырында қол қойылған болатын.

Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбырының ұзындығы 1767 шақырым, ал оның 443 шақырымы Әзербайжанда, 248 шақырымы Грузия аумағында, 1076 шақырымы Түркияда. Мұнай құбырының өткізу мүмкіндігі — жылына 50 млн тоннаға тең. Құрылыс жұмыстары 2003 жылдың сәуірінде басталған болатын. Құрылыс құны 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды.

Жобаға қатысушылар BP (30,1%), Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы (25%), Unocal (8,90%), Statoil (8,71%), TPAO (6,53%), ENI (5%), Itochu (3,40%), ConocoPhillips (2,50%), INPEX (2,50%), Total (5%) және Amerada Hess (2,36%) болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті