Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы ант берді

Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы ант берді

Бішкек. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан астанасында республика үкіметінің жаңа құрамының мүшелері бүгін ант берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

Салтанатты рәсім Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің қатысуымен өткен парламенттің отырысында өтті.

«Өз халқы мен Қырғыз Республикасының президентінің алдында міндетімді орындауға кірісе отырып, ел Конституциясы мен заңдарына бағынуға, өз іс-қызметімде тек қана заңдылық пен әділеттілік принциптерін ғана басшылыққа алуға, Қырғызстан халқына адалдықпен қызмет етуге ант беремін», — деді премьер-министр КР Игорь Чудинов.

Үкімет басшысынан кейін басқа министрлер де ант берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанның жаңа үкіметінің құрамы өткен жылдың желтоқсан айында, елде мерзімінен бұрын өткізілген парламент сайлауынан кейін президент Құрманбек Бакиевтің жарлығымен бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті