Қырғызстан президенті тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады

Қырғызстан президенті тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады

Бішкек. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады. Бұл туралы ол үкіметтің жаңа құрамының алдында сөйлегеен сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Атап айтсақ, тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдету қажет», — деді Қырғызстан президенті.

Оның пікірінше, парламент пен Қырғызстанның Ұлттық банкіне банк салымдарын қорғау жөніндегі заңдарды қабылдауды жеделдету қажет. Елдегі инвестициялық ресурстардың ауқымды қорына сақтандыру нарығындағы қаржыны жатқызуға болады.

«Банк жүйесіндегі салымдарды ұлғайтуға азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Қаржы нарығына қатысушылардың арасында елдің әлеуметтік қоры бар, оның қаржысын ұлттық жобаларға мемлекеттік облигациялармен қамтамасыз ете отырып жұмсауға болады», -деп санайды Қ.Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті