Полиция қызметкерлері хабарлағанындай, қаланың Шу ауданында сағат 23.00, «Ореке» кафесінің маңынан «БМВ» көлігін жүргізген Алматының «Әйгерім» ықшам ауданының тұрғыны ұсталды. Көлікте Оңтүстік астанадағы жоғары техникалық оқу орындарының бірінде оқып жүрген 4 курс студенті болды. Көлік капотының астынан қапқа оралған есірткі табылды.
Есірткі тасымалдаушылар ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес комитеті мен «Дельта-Долина»тобының бірлесе отырып жүргізген екі айлық шұғыл жұмыстарын дайындау арқасында құрықталды.
Облыста жыл басынан бері 15 келі есірткі тәркіленді. Оңтүстікте бір келі героиннің құны $10 мың.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті