2007 жылы пайдалануға бірілген тұрғын үй көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 30% артық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы пайдалануға бірілген тұрғын үй көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 30% артық болды

2007 жылы пайдалануға бірілген тұрғын үй көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 30% артық болды

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы пайдалануға бірілген тұрғын үй көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 30% жоғары болды. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және сауда министрлігінің коллегиясы барысында министрліктің басшысы Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Баспана құрылысына 2007 жылы 489,6 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Оның 48,4 млрд теңгесі мемлекет тарапынан бөлінсе, 397,1 млрд теңге жеке меншік және 43,9 млрд теңге шетелдік инвесторлардың үлесінде болды «, — деді Ғ. Оразбаков.

«Осы арқылы 8,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру мүмкіндігі туды. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштерден 30 пайызға артық», — деп атап өтті ол.

Министр айтқанындай, 2007 жылы мемлекеттік 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын іске асыру бағдарламасы аяқталды . «Бұл бағдарлама құрылыс саласының дамуына қолдау көрсетуге бағытталған негізгі мақсатын орындап, үш жылдың ішінде 19,3 млн шаршы метр баспана тапсырылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштердін 22 пайызға асып, 15,8 млн шаршы метрге артық баспана пайдалануға берілді «,- деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті