Оның айтуынша, ол Сәтпаев қаласына «Қазақмыс» корпорациясының иелігіндегі № 65 шахтаның ереуілге шыққан кеншілерінің шақыруы бойынша кетіп бара жатқан. Ол Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сергей Белкиннің ресми рәсімдеген іссапарда болған.
Қарағандыдан 60 шақырым қашықтағы Абай қаласында оның көлігін полиция қызметкерлері құрықтаған. Оны жүргізушісімен бірге Абай қаласының полиция бөліміне жеткізген. Павел Шумкиннің айтуынша, оған жарылғыш заттар тасымалдады деген айып тағылуда. Қазіргі уақытта одан полицияда жауап алынуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті