«Жақында Алматыда ыңғайсыз жағдай болды. Немқұрайдылықтан ба екен, әлде, тағы басқа себептер бар ма, гранат жарылуынан кісі өлімі орын алды», — деді К. Мәсімов. «Мен ішкі істер министріне Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, әрбір мектепте ІІМ өкілі, яғни инспектор болуы мәселесін талқылауды тапсырдым», — деп атап көрсетті ол.
«Қазір тексерулер жүріп жатыр. Тексеру кезінде көптеген оқу гранаттары оқудікі болмай шықты», — деп атап көрсетті премьер.
Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне ІІМ-мен және облыс әкімшіліктерімен бірлесе отырып «мәселені зерттеуді және жақын арада жағдайды шешу үшін ұсыныстар енгізуді» тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті