Алматыда қылмыстың ашылуы 42,1% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қылмыстың ашылуы 42,1% құрады

Алматыда қылмыстың ашылуы 42,1% құрады

Алматы. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қылмыстың ашылуы 42,1% құрайды. Бұл туралы бейсенбі күні Алматы қаласының мәслихат депутаттарымен кездесуі барысында қалалық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Ақпан 2008
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Бізде қылмысты ашу бойынша қиын жағдай болған еді. 2006 жылмен салыстырғанда өткен жылы қылмыс ашу деңгейі өсіп, 42,1 %-ды құрады. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Биыл қылмыстардың ізін суытпай ашуды жақсарту бойынша шаралар жоспарымызда бар», — деді Е. Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, өткен жылы қаланың Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында қылмыс саны айтарлықтай азайып, ашылу деңгейі өскен.

«Алайда, қазірге дейін Әуезов, Бостандық және Алмалы аудандары түйткілді болып қалып отыр. Әуезов және Бостандық аудандарында қылмыстың ашылу деңгейі басқаларына қарағанда төмен. Онда тиісінше 33 және 37 пайыз. Бірақ, объективтілік үшін айта кеткен жөн: қаланың шамамен үштен бірі дерлік осы екі ауданның үлесіне тиеді. Сондықтан, Әуезов ауданында тағы бір полиция бөлімін ашу мәселесі баяғыда туындаған», — деп хабарлады қалалық ІІД бастығы.

Жақында департамент әкімшіліктен бұл ұсыныс бойынша қанағаттанарлық жауап алған. Шаңырақ ықшамауданында полиция бөлімі құрылады. «Бұл өте проблемасы көп жер болғандықтан полиция бөлімі қажет», — деп есептейді Е. Тұрғымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті