Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрир" және Өзбекстан Ислам қозғалысы экстремистік ұйымдарының мүшесі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрир" және Өзбекстан Ислам қозғалысы экстремистік ұйымдарының мүшесі тұтқындалды

Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрир" және Өзбекстан Ислам қозғалысы экстремистік ұйымдарының мүшесі тұтқындалды

Бішкек. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрир" және Өзбекстан Ислам Қозғалысы экстремистік ұйымдарының мүшесі тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Ақпан 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Жедел-іздестіру шаралары кезінде Баткен және Ош облыстарының ІІБ қызметкерлері іздеуде жүрген лақап аты «Артық» 44-жасар Абдулхай Юлдашевты Ош облысының Үзген қаласында анықтап, тұтқындады, — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тұтқынға қатысты 2006 жылдың шілде айында Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің он екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (заңсыз құрылым ұйымдастыру, баскесерлік, заңсыз суық қару сақтау, сепаратистік қызмет, бұқара халықты конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру, ұлттық өшпенділік тудыру, контрабанда, лаңкесшілдік, құқық қорғау органының қызметкерін өлтіру).

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, А. Юлдашев Қадамжа ауданында 2006 жылдың 12-мамырында болған оқиғаға қатысы бар. Ол кезде құқық қорғау органының қызметкерлері жараланып, өлтірілген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті