Санитарлық-эпидемилогиялық станция мәлметтеріне сәйкес, вирусты Алматы қаласында ҚР тұмауға мониторинг жүргізу жөніндегі ұлттық орталығының мамандары анықтаған. Олардың бағалауынша, вирус В/Шанхай түріне жатады.
Санэпидстанция ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда халықтың өткір респираторлық вирусты инфекциямен және тұмаумен ауыруына қатысты эпидемилогиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты қалпында қалып отыр, тіпті төмендеу ағымы да бар.
Санэпидемиолог мамандардың хабарлауынша, жыл сайын елімізде өткір респираторлық вирусты инфекциямен және тұмаумен ауыруға қатысты 1-1,5 млн дейін оқиға тіркеледі.
Ағымдағы эпидемиялық маусымда халық арасында тұмаумен ауырудың 30 оқиғасы тіркелген. Эпидемиялық маусым алдында Қазақстанда тұмауға қарсы 594 мың 479 адамға маусымды тұмауға қарсы екпе егілген. Бұл былтырғы маусымға қарағанда 80% артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті