Премьер Қазғарыш басшылығына 2016 жылдан кейін "Байқоңырды" дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер Қазғарыш басшылығына 2016 жылдан кейін "Байқоңырды" дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды

Премьер Қазғарыш басшылығына 2016 жылдан кейін "Байқоңырды" дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды

Астана. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің басшылығына 2016 жылы Ресейдің "Восточный" ғарыш айлағы пайдалануға берілгеннен кейін "Байқоңырды" дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды. Ол бүгін агенттіктің алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 1 Ақпан 2008
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Біз 2016 жылдан кейін не істейтіндігімізді, осындай жағдайда біз өзіміздің саясатымызды қалай құруға тиіс екендігімізді, бұл жайт біздің ғарыштық қызмет бағдарламамызға, бюджет шығындарына қалай әсер ететіндігі жөнінде айқын білуге тиіспіз», — деді Кәрім Мәсімов.

«Сегіз жыл қас қағымдай мерзім болғанымен, біз бұл мәселені қараусыз қалдыруға тиіс емеспіз», — деді үкімет басшысы.

Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Ресейдің ғарыштық қызметті дамытуда жаңа ғарыш айлағын салуға бетбұрыс жасап, шалт қимылдауы күтпеген оқиға болғанын» атап өтті. » РФ «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алады деп күтілген болатын, алайда Ресей үкіметі 2016 жылы «Восточный» ғарыш айлағын салып пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдады, ал бұның арты неге апарып соғатынын бағамдай беріңіздер», -деді агенттік басшысы.

Осыған байланысты ол «ғарыш жөніндегі республикалық кеңестің бір отырысында «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективасының әлеуметін сақтап қалу мәселесін талқылау қажет» деп санайды. «Ғарыш айлағының проблемаларын тиімді шешудің бір жолы — оны «Байқоңыр» мүлік кешені нысандарының қандайбір кәсіпорнының қарамағына беру болып табылады», — деді Т. Мұсабаев.

«»Байқоңыр» 16 жылдан бері жалға беріліп келеді, осы мерзімде аталмыш кешендегі Қазақстанға қарасты нысандарда балансты ұстаушы болған жоқ. 16 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының мүлкін балансқа қоймау — бұл өз басым жуырда ғана бетпе-бет келген мүлдем кереғар құбылыс болды», -деді агенттік басшысы.

Кәрім Мәсімов Т. Мұсабаевтың пікіріне қосылды. «Әрине, «Байқоңырдағы» шарушылықтың иесінің болмауы — бұл кемшілік, сол себепті мен осы мәселенің шешімін тездетуді және сіздің агенттіктегі Ресеймен арадағы жұмыстар жөніндегі кіші комиссияның іс-қызметін осы бағытқа шоғырландыруды тапсырамын», -деді премьер- министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті