Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін "Союз-У" зымыран тасығышымен жалпы құрастыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін "Союз-У" зымыран тасығышымен жалпы құрастыруға дайындалуда

Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін "Союз-У" зымыран тасығышымен жалпы құрастыруға дайындалуда

Байқоңыр. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін "Союз-У" зымыран тасығышымен жалпы құрастыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Ақпан 2008
  • 565
Фото - Caravan.kz

2008 жылғы екінші ұшырылымға дайындық жұмыстары қорытынды сатыға көшті.

Бүгін «Прогресс М-63» траспорттық жүк кораблі №254 алаңның монтаж-сынақ корпусынан №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына, «Союз-У» зымыран тасығышы тұрған жерге тасымалданды.

Кеше жүк кораблінде ақырғы операциялар жүргізілді. Кеше С.П. Королев атындағы «Энергия» Зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Прогресс М-63» жүк корабліне авторлық тексерулер жүргізді, бұдан кейін бас обтекательді ғарыш кемесіне қосты.

Ұшырылым алдандағы дайындық шеңберіндегі келесі технологиялық қадам — «Прогресс М-63» транспоррттық жүк кораблі мен ғарыштық бас бөліктің құрамында «Союз-У» зымыран тасығышымен құрастыру болмақ, бұл шара ертең, 2 ақпанда жүзеге асырылады.

Құрастыру аяқталған соң 3 ақпанда «Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-63» транспорттық жүк кораблі №1 алаңның ұшырылым кешеніне шығарылады, онда ол ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылады, бұдан кейін тікелей ұшырылымға дайындық жұмыстары басталады.

«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ.

«Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті