«Қазіргі жағдаймен «ҚазСат-2» жер серігін құру жұмыстарының екі кезеңі — эскиздік жоба мен құжаттамаларды жасау кезеңдері аяқталды. Барлық жұмыстар «ҚазСат-2″ жер серігін құру жөніндегі бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», — деді В. Лефтер.
Оның айтуынша, «ҚазСат-2» жер серігін жасаушылар «»ҚазСат-1″ жер серігін жасауда жүзеге асырылған конструкторлық-техникалық шешімдер мен құрал-жабдық сипаттамаларын ең жоғары деңгейде сабақтастыруға тырысуда».
«Жоспар-кестеге сәйкес, «ҚазСат-2″ жер серігі 2009 жылдың қараша айында ұшырылуға тиіс», — деді орталық басшысы.
В. Лефтер бұған қоса «2010 жылы «ҚазСат-3″ жер серігін, ал одан әрі алмастырушы жер серіктерін жасауға кірісу жоспарланған», деді.
«Техникалық сипаттамаларына сәйкес, жер серіктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 10 — 12 жылды құрайды, ал бірінші алмастырушы жер серігі «ҚазСат-1″ жер серігінің жұмыс істеу мерзімі аяқталғанға дейін 36 ай бұрын, яғни 2013 жылы жасала бастауға тиіс», — деді ол. «Сөйтіп, «Қазсат-2″ жер серігінің жұмыс істеу мерзімін ескергенде оны алмастыруға тиіс жер серігі 2018 жылы жасала бастауға тиіс», — деді В. Лефтер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті