ТЖМ мәліметінше, 3 ақпанда 19 сағатта қазандықтағы қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазір жабдықтарды жинақтап іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазандық бүгін іске қосылады деп күтілуде.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға «КТЭЦ» МКК-ның 3 арнаулы техникасы мен 15 адамы, сондай-ақ, «СырЭнергоГазСтрой» ЖШС-нің 1 арнаулы техникасы мен 15 адамы жұмылдырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазандықтағы жарылыс 31 қаңтарда 4 сағатта жылыту жүйесінде газ шығу салдарынан болған. Жаралыс салдарынан қазандықтың операторы зардап шегіп, ол ауруханаға жатқызылды.
Қазандық №43 орта мектеп пен екі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз еткен. Соның салдарынан 74 пәтердің тұрғындары жылусыз қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті