Сенбі күні журналистерге аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бала ұрылардың құрбаны болған.
Полицияның ақпараттарына сүйенсек, «қылмыс болатын сәтте 13 жасар Даша үйде жалғыз болған, анасы кіші баласын бала бақшаға алып кеткен, ал әкесі бұл күні ауысымда болған».
«Кәмелеттік жасқа толмаған баланы өлтіргендерді ұстау үшін полицияның ең тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды»,- деді баспасөз қызметіндегілер. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.
Полицейлердің айтуынша, оны тінту барысында қызды өлтірген пышақ мен баланың әкесіне тиесілі 12 калибрлі қос ауызды аң аулау мылтығы табылған. «Қылмыс болған жерден табылған саусақ іздері сәйкес келген. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр»,- деп хабарлады Ішкі істер департаментіндегілер.
Күдікті ұрлық істемек болғандығын айтқан. Ол үйді аңдып жүріп, үйде ешкім жоқ екен деп ойлаған, сөйтіп ішкі желдеткіш арқылы кірген. «Үйдің ішінен кішкентай қызды көрген ол артынан куә қалдырмау үшін оны өлтірмек болып шешкен»,- деп мойындады өз кінәсін ұсталған жігіт.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті