«Мұнда мыңға жуық адам жиналған. Бұлар кеншілер, жер асты жұмысшыларының аналары, әйелдері мен балалары. Сондай-ақ осында полиция мен ҰҚК қызметкерлері де жүр. Кеншілер жиын өткізіп, өздерінің талаптары орындалмайынша ереуілге шығуға шешім қабылдаған. Оларды мардымсыз жалақыны күтуден шаршаған және де әрбір кез ерлерінің келуін алаңдаушылықпен күтетін туыстары қолдап отыр»,- деп хабарлады В. Прутик.
Оның айтуынша, «Жезказганцветмет» мекемесінің бас директоры Талғат Аханов төмендегі кеншілерге барып, оларды көтерілуге көндіріп баққан. Естеріңізге сала кетейік, шахтадан 600-ге жуық кенші жер үстіне шықпай отыр.
Сонымен қатар, В. Прутикатің хабарлауынша, Сәтпаев қаласының әкімі Талғат Балмағамбетовке кеншілер өздерінің проблемаларын шешуде көмек көрсетуді сұраған петициясын табыс еткен.
В. Прутиктің айтуынша, ол машинист Виктор Павловпен сөйлескен. В. Павлов шахта басшылары оны жарылғыш заттардың қоймасын жабуға және де жер астының шыға берісін басқа кеншілер келіп бірікпес үшін жабуға мәжүбүр еткендігін хабарлаған.
«Мен бұйырық берілгеннен кейін осылай істеуге мәжүбүр болдым»,- деп түсіндірді өз әрекетін В. Павлов.
Бұрын хабарлағанымыздай, сенбі күні «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Батыс» және «Шығыс» кеніштерінің кеншілері наразылық акциясын ұйымдастырып, түнгі ауысымның жұмысшылары жер бетіне көтерілмей қойған болатын.
«Олар өздерінің талаптары орындалғанша сонда болуға шешім қабылдаған»,- деп хабарлады Сәтпаев қаласының біріккен кеншілер ұйымының бастамашы тобының мүшесі Қанатбек Мұрзатов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті