Шымкентте сот ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының шағымдары бойынша шешім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте сот ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының шағымдары бойынша шешім шығарды

Шымкентте сот ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының шағымдары бойынша шешім шығарды

Шымкент. 4-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте Абай аудандық соты ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының денсаулық сақтау департаментінің үстінен түсірген шағымдарын жартылай қанағаттандырды. Бұл туралы журналистерге шағым берушілердің адвокаты Қатира Бекболова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Ақпан 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Сот шешіміне сәйкес, балалары қайтыс болған екі анаға 100 мың теңгеден, ал қазір балалары аталмыш індетті жұқтырған екі анаға — 70 мың теңгеден төлем төлеу белгіленді. Біз мұндай аз қаржыға келіспейміз, және де апелляцияға береміз»,- деп мәлім етті Қ. Бекболова.

Адвокат сондай-ақ, қазіргі уақытта моральдық және материалдық шығынның орнын толтыру жөніндегі осы тектес тағы 20 шағым жақын арада сотқа жіберілетіндігін айтып өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың қараша айының соңында төрт ата-ана ВИЧ індетін жұқтырған балаларға келген моральдық және материалдық шығынның орнын толтыруға шағым түсірген болатын. Мәлім етілген шағым сомасы әрбір шағым түсірушіге 100 млн теңгені құраған.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 145 бала тіркелген болатын, олардың оны қайтыс болған. Сондай-ақ ВИЧ індетін жұқтырған 17 ана тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті