Астана бюджеті 116,4% кіріспен орындалды - қала әкімінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана бюджеті 116,4% кіріспен орындалды - қала әкімінің орынбасары

Астана бюджеті 116,4% кіріспен орындалды - қала әкімінің орынбасары

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдаймен Астана бюджеті 116,4% кіріспен орындалды : бюджетке 5 млрд 399 млн 282,9 мың теңге түсім түсті, ал жоспар 4 млрд 637 млн 615 мың теңге болған. Бүгін Астана қалалқы әкімшілігінле өткен шұғыл кеңесте қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев осындпй мәліметтер келтірді.

  • 4 Ақпан 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметінше, бюджет шығындары 16 млрд 62 млн 78 мың теңге көлемінде жоспарланып, 63,8%, немесе 10 млрд 254 млн 36 мың теңгеге орындалды.

Коммуналдық меншікті жалға беруден бюджетке 1 млн 559 мың теңге түсті.

Ағымдағы жылдың басынан бері жергілікті бюджетке 5 млрд 193,5 млн теңгенің салықтары мен түсімдері, соның ішінде өткен аптада 877,8 млн теңге түсті.

Есепті мерзімде салық заңнамасы мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексін бұзғаны үшін 41 шаруашылық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өндіріп алынған қаржы көлемі 1 млн 832 мың теңгені құрады.

Өткен аптада заңды тұлғалардың іс-қызметіне үш кешенді тексеру, Қосалқы құн салығына қатысты екі тақырыптық тексерулер жүргізілді. Соның нәтижесінде 76 млн 617,5 мың теңгенің салықтары мен айыппұлдары аудырылды.

Бұған қоса жеке кәсіпкерлердің іс-қызметіне 89 тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 3 млн 891 мың теңгенің салықтары мен айыппұлдары есептеліп жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті