БҰҰ қатты аяздан зардап шеккен Тәжікстан халқына көмек көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ қатты аяздан зардап шеккен Тәжікстан халқына көмек көрсетуде

БҰҰ қатты аяздан зардап шеккен Тәжікстан халқына көмек көрсетуде

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі мекемелер қатты аяздан зардап шеккен Тәжікстан халқына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 4 Ақпан 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

БҰҰ гуманитарлық мәселерді үйлестіру басқармасы хабарлағанындай, Тәжікстанда болған қатты аяздан Нүрек су қоймасындағы су деңгейі тартылып, Нүрек ГЭС жұмысына кері әсерін тигізді. Содан елге жіберіліп отырған электр қуатының көлемі азайды. Астанада жарық тек бір-екі сағатқа ғана беріліп отыр. Ал ауылды аймақтарда электр қуаты мүлдем жоқ.

БҰҰ ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, елдегі бірқатар су жүйелері істен шыққан. Ауруханалар мен әлеуметтік нысандарда таза ауыз су жоқ. Тәжікстан халқы ас дайындау үшін қарды ерітіп пайдалануда.

БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) ақпараты бойынша, елдегі мектептердің басым көпшілігі жарық пен жылусыз қалды. ЮНИСЕФ халық арасында жылу генераторлары мен көрпелер таратып, Тәжікстан балаларына төтенше көмек көрсету операциясын қаржыландыру үшін донор елдерінен $720 мың бөлуді сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті