Павлодарда облыстық "Оптимист" мүгедектер қоғамының төрағасын өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда облыстық "Оптимист" мүгедектер қоғамының төрағасын өлтіріп кетті

Павлодарда облыстық "Оптимист" мүгедектер қоғамының төрағасын өлтіріп кетті

Павлодар. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қалалық "Оптимист" мүгедектердің ерікті ашық қоғамының төрағасы, танымал қоғам қайраткері Евгений Грекулды өлтіріп кетті. Бұл туралы өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2008
  • 585
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, мүгедектер қоғамы төрағасының мәйіті өз үйінен табылған. Кісі өлімі болған жерге облыстық ІІД-нің басшылығы да барды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу қазір екі түрлі жорамалды қарастырып жатыр. «Оқиға оғамдық ұйым төрағасының кәсіби іс-қызметіне байланысты болуы да ықтимал», -деп хабарлайды полициядағылар. Екінші жорамалға сәйкес, оны тонаушылық мақсатында өлтірген болуы мүмкін.

«Қаза тапқан адамның жуырда өзінің бейресми ұйымын дамыту үшін банктен ірі көлемде несие алғаны белгілі. Ол кепілдікке мүгедектер қоғамының ғимаратын қойған», — деп хабарлайды полициядағылар. ІІД-нің ақпаратына жүгінсек, үйден ақша табылмаған.

Ал баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр «Оптимист» мүгедектер қоғамы мүшелерінің арасында жік шыққан. Ұйым мүшелерінің бір бөлігі қоғам жетекшісінің іс-әрекетімен келіспей, басқа ұйым құруға ұйғарған. Сонымен бірге бұған дейін жергілікті басылымдарда белгісіз біреулердің ұйым ғимаратын тартып алуға әрекет жасап жатқаны жөніндегі материалдар бірнеше мәрте жарық көрген. Мүгедектер қоғамының ғимараты қаладағы бір орталық көшеде орын тепкен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті