Газ қондырғыларын пайдалану кезінде болған төтенше оқиғалар саны қаңтарда көбейді - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газ қондырғыларын пайдалану кезінде болған төтенше оқиғалар саны қаңтарда көбейді - ҚР ТЖМ

Газ қондырғыларын пайдалану кезінде болған төтенше оқиғалар саны қаңтарда көбейді - ҚР ТЖМ

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Пеш және газ қондырғыларын пайдалану кезінде болған төтенше оқиғалар саны қаңтар айында көбейді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Светлана Мұратбекова құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Ақпан 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің барлық аймақтарында газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қаңтар айында жеті газ жарылысы болып, одан 3 адам қаза тауып, 27 жарақаттанды», — деді С. Мұратбекова.

ТЖМ мәліметтері бойынша, қаңтар айында 65 өндірістік және тұрмыстық өрт тіркелді. Оның салдарынан 134 адам мерт болып, түрлі күйіктерге шалдығып, көмір қышқыл газынан уланған 153 адам ауруханаға жатқызылды.

«Газдың таралуынан болатын апаттармен бірге сұйық отын және көмір арқылы жағылатын пештерді дұрыс пайдаланбауынан туындайтын оқыс оқиғалардың жиі шығуы мамандардың алаңдаушылығын туғызады. Статистика мәліметтері бойынша, тіркелетін өрттердің 10 % негізінен осындай жағдайлардан туындап, адамдардың өліміне әкеледі», — деп атап өтті С. Мұратбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті