Оның ақпараттарына сүйенсек, «жеке құрылыстар» деген атаумен жер бөлудің қаншалықты заңды екендігіне тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылған».
«Жерді бөлген адамдардың фантазиясына таң қаласың! Қазірде 33 құжат бар, олардың 30 — Өскемен бойынша және 3 — Семей бойынша прокуратурада жатыр. Мен біріншіден кінәлілерді тауып жазалауды, екіншіден заңсыз берілген жерлерді кері қайтарып алып, тыйым салуды тапсырдым»,- деді Ж. Кәрібжанов.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі, бұл мәселе облыс басшылығының қатаң бақылауына алынғандығын атап өтті. Ол сондай-ақ, «қазіргі уақытта ортақ қолданыстағы орындарды көркейту мен бас жоспарын әзірлеу үшін қаржы бөлініп жатқандығын» хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті