Екібастұздың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім бастығының орынбасары өзіне өзі қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім бастығының орынбасары өзіне өзі қол жұмсады

Екібастұздың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім бастығының орынбасары өзіне өзі қол жұмсады

Павлодар. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда сенбі күні қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен көлік жолдарының бөлім бастығының орынбасары өзіне өзі қол жұмсады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Павлодар облысының ҰККД сілтеме жасай отырып.

  • 4 Ақпан 2008
  • 745
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, оқиға 2 ақпанда болды.

Ведомствода хабарлағанындай, 30 қаңтарда оның бастығы тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тендерді жеңіп алған құрылыс компаниясы директорынан ірі көлемде талап еткен ақшасын алған кезде, оны Павлодар облысының ҰҚКД қызметкерлері құрықтаған болатын.

ҰҚКД ақпараты бойынша, ұсталған күдіктіден сондай-ақ, «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау басқармасының «бас бақылаушы-ревизорына берілетін ақша тәркіленді. Ол фирма директорынан мемлекеттік сатып алу заңын бұзғаны үшін 700 мың теңгені талап еткен.

Бұл оқиғаға қатысты тергеушілер ҚР ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады (пара алу). Екібастұз қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім бастығы М. Елубаев пен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау басқармасының бас бақылаушы-ревизоры қамауға алынды.

Ал Екібастұз қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлім бастығының орынбасарына қатысты ешқайда кетпеу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Төрт күннен кейін ол өзіне өзі қол жұмсады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті