ТЖМ мәліметінше, 4 ақпанда 6 сағатта қазандықтағы қалпына жабдықтарды жинақтап іске қосу жұмыстары аяқталды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазандық қалыпты жұмыс істеуде, №43 орта мектепке жылу берілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазандықтағы жарылыс 31 қаңтарда 4 сағатта жылыту жүйесінде газ шығу салдарынан болған. Жаралыс салдарынан қазандықтың операторы зардап шегіп, ол ауруханаға жатқызылды.
Қазандық №43 орта мектеп пен екі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз еткен. Соның салдарынан 74 пәтердің тұрғындары жылусыз қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті