Байқоңырда "Тор-2Р" жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Тор-2Р" жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңырда "Тор-2Р" жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Тор-2Р" жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Ақпан 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышының биылғы жылдағы екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

Кеше кешке М.Хруничев атындағы орталық мамандары №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусында Норвегияның «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігі, өтпелі жүйе мен «Бриз-М» үдеткіш блогынан тұратын ғарыштық бас бөлікті құрастырып бітіріп, бұдан кейін зымыран тасығыш «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғары қысымды бактарына отын құю үшін техникалық жанармай құю станциясына жеткізілді.

Бүгін технологиялық химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары екі күнге созылатын жанармай құю жұмыстарына кірісті.

Ертең, 6 ақпанда мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ұшырылым кешенінде жұмыстарды жалғастыру жөнінде шешім қабылданады.

Норвегияның «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігі мен «Протон-М» зымыран тасығышы №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысына 7 ақпанда жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта шығарылады.

Салмағы 2450 килограмм болатын, 24 транспондермен қамтамасыз етілген «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

«Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

«Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті