ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының бір бөлігі қосымша әлеуметтік жеңілдіктерді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының бір бөлігі қосымша әлеуметтік жеңілдіктерді талап етуде

ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының бір бөлігі қосымша әлеуметтік жеңілдіктерді талап етуде

Шымкент. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарының бір бөлігі арнаулы зейнетақы мен жалақыға қосымша үстемеақыны өмір бойы төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Ақпан 2008
  • 604
Фото - Caravan.kz

ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарынан он шақты адам кеше облыстық әкімшілік ғимаратының жанында жиналды. Олар облыс басшылығымен кездестіруді талап етті. Ата-аналар сот шешіміне келіспеушілік білдіріп, қосымша әлеуметтік жеңілдіктерді талап етуде. Олардың кейбіреуі арнаулы зейнетақы мен жалақыға қосымша 60 пайыздық үстемеақыны өмір бойы төленуі қажет деп санайды. Ал ВИЧ індетін жұқтырған балалармен жұмыс істейтін медиктердің жалақсына дәл осынша үстемеақы төленеді.

«Моральдық және материалдық шығынның орнын толтырып беру үшін біз әрқайсымыз 100 млн теңгеден талап еттік. Соттың шешімімен бізге 70 мың теңге төлейтін болды. Бұл бізді келеке ету деп ойлаймыз. Осы қаржының жартысы адвокатқа төленді, ал қалған ақша тіпті балаларды тамақтандыруға да жетпейді. Біз мемлекеттен өзіміздің талаптарымызды орындауды талап етеміз. Біз тіпті президентке де бармақ ниеттеміз», — деді бір ата-ана.

«Балаларды СПИД-тен қорғау» жөніндегі облыстық қордың президенті Қанат Әлсейітовтың агенттік тілшісіне хабарлауынша, кешке кешке ата-аналар облыс әкімінің орынбасары Дархан Мыңбаймен кездесті. Кездесуде осы талаптар қайта қайталанды. Алайда, Қ. Әлсейітовтың түсіндіруінше, бұл ата-аналардың аз ғана бөлігінің пікірі.

«Арнаулы зейнетақы мен жалақыға үстемеақы өмір бойы төлеуді талап етіп отырғандар он пайыздан аспайды. Мен бұған қарсымын, меніңше, бұл масылдық», — деді қор президенті.

«Қазір ВИЧ індетін жұқтырған әрбір балаға ай сайын 30 мың теңге көлемінде төлем беріледі. Бұған қоса емдеу толық ақысыз. Бұл аз емес деп ойлаймын. Сонымен бірге, қор мүшелері ретінде біздер де өзара тізе қоса отырып, қоғамның кейбір мүшелерінің ВИЧ індетін жұқтырған балаларға қатысты кері көзқарасын жеңу үшін күресуге тиіспіз. Мәселе ақшада емес, ең бастысы, біз балаларымызды қазіргі қоғамға толыққанды кірігуге дайындауға тиіспіз. Ал егер біз бір-бірімізден алшақтап, балаларымызды мүгедектер санатына қосатын болсақ, оны жүзеге асыру мүмкін емес», -деді Қ. Әлсейітов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1 ақпанда Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған төрт баланың ата-анасының шағымы бойынша сот үкімі шықты. Бұл шешімге сәйкес, балалары қайтыс болған екі анаға 100 мың теңге көлемінде, ал балалары індет жұқтырған өзге екі әйелге 70 мың теңгеден төлемақы тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған 145 бала бар, олардың оны қайтыс болған, бұған қоса ВИЧ індетін жұқтырған 17 әйел анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті