Бакуге төрт күндік сапар барысында қосымша баяндамашылар Еуропа кеңесінің алдындағы республика өзіне алған міндеттемелерді орындау барысымен танысып, елдегі сайлауалды жағдайды талқылайды.
Сапар қорытындысы бойынша баяндама әзірленеді.
Қосымша баяндамашылардың сапары барысына Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, милли меджлис спикері Октай Асадов, сыртқы істер, ішкі істер және әділет министрлері қатысады. Сонымен бірге, олар құқық қорғаушылармен, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси қозғалыстардың өкілдерімен және тұтқындармен кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті