Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары ұйымға мүше елдер аумағында әскери мақсаттағы жүйе құруды талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары ұйымға мүше елдер аумағында әскери мақсаттағы жүйе құруды талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сарапшылары ұйымға мүше елдер аумағында әскери мақсаттағы жүйе құруды талқылады

Мәскеу. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бірлескен штабында ұжымдық қауіпсіздік аймағында әскери сипаттағы жүйе құру мәселесі бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің сарапшыларының кеңесі болып өтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Ақпан 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Әскери мекемелердің сарапшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2005 жылдың 23-маусымындағы Ұйымға мүше мемлекеттердің әуе қорғанысын дамыту және жетілдіру туралы шешімін жүзеге асыру мәселесін талқылады. Ұжымдық қауіпсіздік аймағында нормативтік құқықтық негіздеме жасау және әскери сипаттағы жүйе қалыптастыру бойынша міндеттерді шешудің негізгі жолдарын қарастырды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Кеңестер Бірлескен штаб бастығының бірінші орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, генерал-лейтенант Владимир Шутьконың төрағалығымен өтті. Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс министрліктерінің сарапшылары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Хатшылығы мен Бірлескен штабының өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті