«Отырыста екі мәселе талқыланды. Біріншісі «Нұр Отан » партиясының қалалық бөлімшесі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесін құру жөнінде мәселесіне арналса, екіншісі зейнетақының қайта есептелуі. Мен осы сауалдан бастайын «, -деді «Нұр Отан» партиясының астаналық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев.
«Соңғы екі аптада біздерге зейнеткерлер келіп, зейнетақыны қайта есептеу мәселесіне қатысты өз шағымдарын жеткізді. Біздер зейнетақыны қайта есептеуде түсініксіз әрі әділетсіз жайттардың барын анықтадық». П. Казанцев атап өткеніндей негізі, «зейнетақыға қосымша төлемақы қосылу керек, ал нәтижесінде тым үлкен саралау жүргізіледі «.
«Бүгінгі бюро отырысында сарапшылар мен партия мүшелерінің және тағы да басқалардың пікірлері бойынша, зейнетақыны есептеу тәсілі бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Онымен қоса, ол әмбебап болғанымен, Қазақстан Республикасының жағдайында оны қолдануға келмейді. Өйткені, адамдардың түрлі кезеңдерде зейнет демалысына шыққандығы ескерілмеген. Сондай-ақ, бірдей еңбек тәжірибесі бар және бір санаттағы адамдардың зейнетақы мөлшері арасындағы айырмашылық үлкен болып отыр», — деді П.Казанцев.
Астаналық «Нұр Отан» партиясының бөлімшесі бұл мәселені партияның орталық аппаратының бюросы мен парламент фракциясында талқылап, «ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін бұл тәсілді адамдардың пайдасына қарай өзгертіп, зейнеткерлер арасындағы түрлі топтарды ескеріп саралау, ал екіншідін,бұл тәсіл- амалды жалпы пайдалануға келмейтін және бүгінгі күннің талаптарына жауап бермейтін жайттарды талқылап, қайта қарау керек «, -деп қорытындылады «Нұр Отан» партиясының астаналық бөлімшесінің бірінші орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті