"Нұр Отан" партиясының астаналық бөлімшесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясының астаналық бөлімшесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

"Нұр Отан" партиясының астаналық бөлімшесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

Астана. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП астаналық бөлімшесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Астанадағы бөлімшесінің үстіміздегі жылдағы алғашқы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында "Нұр Отан" партиясының Астанадағы бөлімшесі төрағасының орынбасары Павел Казанцев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Ақпан 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Павел Казанцевтің айтуынша, оны құру туралы тапсырманы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында берген болатын.

«Нұрсұлтан Әбішұлы партия төрағаларына сыбайлайс жемқорлықпен күресу міндеттерін қойған болатын»,- деп атап өтті П. Казанцев.

«Қоғамды барынша тарту үшін партияның 5-7 мүшелерінен, сонымен қатар тек партия мүшелерінен ғана емес басқа партиялардың өкілдері мен қоғам өкілдерінен тұратын сыбайлас жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңес құру туралы шешім қабылданған болатын»,- деп түсіндіріп өтті ол.

П. Казанцев сондай-ақ, құрылған кеңестің міндеті — «құқық қорғау органдарын тергеу, іздестіру іс-шаралармен айналыстырмай, қоғамды барынша дүрліктіріп, сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын себептермен күресуге барынша жүйелі қадам жасау».

П. Казанцевтің айтуынша, ертеңнен бастап партия ұйымдарында партия жиналысы өткізіле бастайды. «Біз қазір неге аса назар аудару қажеттігі төңірегінде бастамалық ұсыныстар алғымыз келеді. Одан кейін біз сайтта (әзірлеу сатысында — ред. ескертпесі) сыбайлас жемқорлық кеңінен белең алған мемлекеттік органдарға анонимдік рейтинг жүргізе бастаймыз. Нәтижесінде адамдарды ең басты не мазалайтындығы белгілі болады»,- деп қорытындылады өз сөзін «Нұр Отан» партиясының Астанадағы бөлімшесінің төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті