Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі жеткізілді

Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі жеткізілді

Байқоңыр. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға үстіміздегі жылдың сәуірінде Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Ақпан 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең Төретам теміржол станциясына Королев қаласындағы Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы ААҚ-ның эксперименттік машина жасау зауытынан «Союз ТМА-12» ғарыш кемесі мен оның қосымша құрылғыларын жеткізген вагон келіп жетті.

Ол қажетті кедендік рәсімдеу процедураларын жүргізгеннен кейін бүгін теміржол арқылы Төретам станциясынан № 254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, дайындық кешеніне орналастырылатын болады.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген. Қазіргі уақытта Звездный қалашықта құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның ғарышкері — Корея Республикасының азаматы Сан Ко сапарға дайындалуда. Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті