Әзербайжанда мұнай мұражайы құрылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда мұнай мұражайы құрылатын болды

Әзербайжанда мұнай мұражайы құрылатын болды

Баку. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев мұнай мұражайы құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының әкімшілігінен хабарлады.

  • 5 Ақпан 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Бакуде мұнай мұражайын құру туралы шешім Әзербайжанда мұнай өнеркәсібін дамытуды, мұнайдың ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін және қазіргі уақытта республиканың әлеуеттілігінің, соның ішінде жалпы адамзат өркениетіне қосқан үлесінің өскендігін ескере отырып, сонымен қатар Әзербайжанның мұнай тарихын зерделеу және осы салада нәсихаттау жүргізуді күшейту мақсатында қабылданған»,- деп атап өтті ел президентінің әкімшілігіндегілер.

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына бір ай мерзімде мұнай мұражайын құру жөніндегі ұсынысты дайындап, мемлекет басшысына ұсыну тапсырылған. Дүниежүзінде бірінші мұнай ұңғымасы Әзербайжанда Бакудің маңындағы Биби — Эйбат мұнай кенішінде 1847 жылы бұрғыланған болатын. Сондай-ақ, дүниежүзінде алғаш рет мұнай тасымалдау да Әзербайжанда 1878 жылы «Қара қала» мен «Балаханы» мұнай кәсіпорындары арасындағы мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті