Президент құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекіту туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекіту туралы заңға қол қойды

Президент құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекіту туралы заңға қол қойды

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "1926 жылдың 25-ші қыркүйегіндегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылдың 7 желтоқсанындағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылдың 7 қыркүйегіндегі Құлдықты, құл саудасы мен құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою туралы қосымша конвенцияны бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Конвенцияларды бекітуге ұсынылған ережелерде адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою қарастырылған.

Қосымша конвенцияның 1-ші бабына сәйкес, бұл конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлер бар жерлерде оларды біртіндеп және қысқа мерзімде біржола жоюға қолдан келетін және барлық қажетті заңнамалық және басқа да шараларды қолдануға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті