ТЖМ ақпараты бойынша, 5 ақпанда Жамбыл облысының Бесағаш ауылында сағат 14.00 «Ауди» жеңіл көлігі аударылды. Көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Сонымен қатар, 5 ақпанда Қостанай-Рудный трассасында сағат 16.00 «ВАЗ 2115» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, екі жолаушы қаза тапты. Ал «Мерседесте» отырғандар аурханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Павлодар-Екібастұз трассасында «Камаз» және «Ауди» қақтығысқан. Жол көлік апаты салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Сондай-ақ , «Аудида» отырған тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті