Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы кеше табысты ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы кеше табысты ұшырылды

Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы кеше табысты ұшырылды

Байқоңыр. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы табысты ұшырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Ақпан 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) №1 алаңның ұшырылым кешенінің №5 ұшыру қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды.

Ұшырылым циклограммасына сәйкес «Прогресс М-63» транспорттық жүк кораблі зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шықты. «Прогресс М-63» транспорттық жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 7 ақпан күні кешке түйіседі деп межеленген.

Бұл биыл Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші ұшырылым, ал «Союз-У» зымыран тасығышының бірінші ұшырылымы. 2008 жылы Халықаралық ғарыш станциясына жүк таситын төрт «Прогресс» ұшыру жоспарланған.

«Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде «Союз ТМА-12» кораблінің экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті