Қырғызстанда бас бостандығынан айыру орындарында есірткіге тәуелділер үшін алмастыру терапиясына көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда бас бостандығынан айыру орындарында есірткіге тәуелділер үшін алмастыру терапиясына көшті

Қырғызстанда бас бостандығынан айыру орындарында есірткіге тәуелділер үшін алмастыру терапиясына көшті

Бішкек. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бас бостандығынан айыру орындарында есірткіге тәуелділер үшін алмастыру терапиясына көшті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ-іне сілтеме жасап.

  • 6 Ақпан 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстанда алмастыру терапиясы принципі бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді, синтетикалық жеңіл есірткі — метадонды тарату бөлімдері Бішкек, Ош, Токмак, Кара-Балта және Кант қалаларында ашылған, -деді бүгін Қырғызстан ІІМ органдарын реформалау орталығының жетекшісі Александр Зеличенко.

Оның айтуынша, бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеп, метадон бағдарламасы клиенттерінің 80% өздерінің заң бұзуға және милициямен қарым-қатынаста проблемалары жоқ екенін хабарлаған. Оның үстіне метадоннан тәуелділік проблемасы туындамайды.

Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстандағы абақтыларда қазір республикада тіркелген ВИЧ індетін жұқтырғандардың басым бөлігі, ал СПИД жұқтырғандардың 70% есірткіні инемен тұтынатындар.

Сынақ табысты болған жағдайда, әділет министрлігінің пайымдауынша, алмастыру терапиясы біртіндеп барлық жазалау мекемелерінде енгізіледі. Республикада 36 түзету мекемесі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті