2007 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады

2007 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады. Бұл туралы бүгін халыққа өзінің жыл сайынғы жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Ел экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады, ал жалпы алғанда 2001 жылдан бері экономика орта есеппен жылына 10%-тен өсті. Бұл үдемелі дамуға жатады», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Президент «елімізде ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде $40 млрд долларды құрайтын ауқымды қор жинақталғанын» атап өтті.

«Дәл осындай ауқымды жинақтың болуы қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуда шешуші роль атқарды», — деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев «әлеуметтік ауанның да тұрақты қалпында қалғанын» атап көрсетті. «2000 жылдан бері мемлекеттік бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыздыққа жұмсаған шығындары 5 еседен артық өскенін», -айтты.

Ол сонымен қатар «5 млн астам адамның әлеуметтік қорғау аясына қамтылғанын» атап өтті.

«Өткен жыл жан-жақты экономикалық, әлеуметтік модернизациялау жолында алға қарай жасаған тағы бір сенімді қадам болды. Қазақстан 2008 жылға жаңаша экономикалық жетістіктермен және жаңартылған саяси құрылыммен аяқ басты», — деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті