ҚР президенті 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді кейінге қалдыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді кейінге қалдыруды ұсынды

ҚР президенті 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді кейінге қалдыруды ұсынды

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшуді бірнеше жылға кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын арнап сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 1121
Фото - Caravan.kz

«Біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесін көтеріп отырмыз, алайда, бізде мектептер мен ұстаздар жетіспейді. Бұны енгізуге мүмкіндік болмаса, онда ол туралы неге жариялаймыз. Одан да біраз уақыт күтіп, мектептерді дайындап, содан соң реформаларды жүргізетін боламыз «, — деп атап өтті президент.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, биылғы жылы республика бойынша, 68 мың орынды 88 мектептің құрылысы басталады. Ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынға арналған 102 орта білім беру мектептері тұрғызылады.

«Тек осындай істер арқылы біз 12 жылдық білім беру мәселесіне оралатын боламыз», — деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті