ҚР президенті шенеуніктерді заңсыз иеленген жер учаскелерін өз еріктерімен қайтарып беруге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті шенеуніктерді заңсыз иеленген жер учаскелерін өз еріктерімен қайтарып беруге шақырды

ҚР президенті шенеуніктерді заңсыз иеленген жер учаскелерін өз еріктерімен қайтарып беруге шақырды

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, шенеуніктерді заңсыз иеленген жер учаскелерін өз еріктерімен мемлекетке қайтарып беруге шақырды. Бұл туралы ол бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдау арнау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Үкімет тарапынан жүргізілген тексерулер көрсеткеніндей, Астана мен облыс орталықтары айналасындағы жерлерді «пысық адамдар мардымсыз бағамен баяғыда сатып алыпты». Олардың арасында мемлекеттің қызметті атқарып жүрген шенеуніктер аз емес екен, олардың бәрін тексеру керек, -деді президент. Немесе олар өз еріктерімен жерлерді мемлекетке тапсыруға тиіс немесе құқық қорғау органдары олардың қандай жолмен жерлерді иемденіп, оны қанша ақшаға сатып алғандығының анық-қанығын тексеретін болады».

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «ашық емес тәсіл бойынша жерлерді тарату тәжірибесін тоқтату керек». «Барлық жерлер аукцион арқылы жарияланып таратылуы керек, деп есептейді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті