«Әкімшілік реформалардың аясында үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені анағұрлым төмендетуді, рұқсат беру жүйесін, бірінші кезекте лицензия беру, сертификат беру, аккредитациялауды одан әрі жеңілдетуді тапсырамын», -деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Президенттің пікірінше, «тексерулердің санын анағұрлым азайтып, оларды реттеу керек».
Президент «үкіметтің шағын және орта бизнестің бәсекелестік қабілетін ынталандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра түсуі қажет»екенін атап өтті. «Шағын несиелік ұйымдардың жұмысын мемлекет қаржысының есебінен қолдау қажет. Шағын несиелендіруге қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, Қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарының санын арттыра түсу шараларын ойластырған жөн», -деді Н. Назарбаев.
«Жоғары деңгейде дамыған кәсіпкерлік сала — кез-келген елдің экономикасының негізі», -деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті