«Үкімет қарастырылған әкімшілік реформаларды, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін дамыту шараларын халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық, қоғам алдында жауаптылық қағидаларына сәйкес жедел қарқынмен жүзеге асыруға тиіс»,- деп мәлім етті Н. Назарбаев.
Ол сонымен қатар, «реформа төрешілдік пен сөзбұйдаға салушылықты төмендетуге себепші болуға тиіс» деп атап көрсетті. «Мемлекеттік қызмет — қызмет етуге тиіс»,- деп атап көрсетті ол. Сондай-ақ, президент «әкімшілік реформалардың басты элементтерінің бірі жаңа маман саясаты болуға тиіс», деп атап өтті.
«Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа басқарушы формацияның кәсіби түпқазығын қалыптастыруға бағытталған заманауи көзқарас әзірлеу қажет»,- деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, «жас ұрпаққа, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне маңызды рөл берілуге тиіс». «Жас кәсіпшілер елде болып жатқан процесстерден өз орындарын таба біліп, болашақты құруға белсене атсалысуға тиіс»,- деп атап көрсетті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті