Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Норвегияның "Тор-2Р" жер серігімен ұшырылым алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Норвегияның "Тор-2Р" жер серігімен ұшырылым алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Норвегияның "Тор-2Р" жер серігімен ұшырылым алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Байқоныр. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Норвегияның "Тор-2Р" жер серігімен ұшырылым алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

  • 6 Ақпан 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышының биылғы жылдағы екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары аяқталуда.

Бүгін отын құю стансасында төмен қысымды бактарды «Бриз-М» үдеткіш блогындағы қоспалармен толтыру жұмыстары аяқталды. М.Хруничев атындағы орталықтың мамандары зымыран тасығышты ұшырылым алаңына шығарудың соңғы дайындық операцияларын жүргізуде.

«Протон-М» зымыран тасығышын «Бриз-М» үдеткіші және «Тор-2Р» ұшырылым кешеніне жеткізіліп, ұшырылым алдындағы жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешімді бүгін кешке жетекшілердің жасалған жұмыстары көрсетілген баяндамаларына баға беретін мемлекеттік комиссия шығару керек.

«Кестеге сәйкес «Протон-М» №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысына 7 ақпанда жергілікті сағат 6.30 шығарылады деп межеленген. Зымыран ұшырылым «үстеліне» тік қойылған соң, үш тәулік бойы зымыранның жүйелері мен ұшырылым құрал- жабдықтары тексеріледі.

«Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.

«Тор-2Р» ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті