«Сөз 2009 жылы әлемдік дәстүрлі дін жетекшілерінің үшінші құрылтайы, 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес , 2009 жылы ЕҚЫҰ басқарушы «үштігіндегі» жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету туралы болып отыр»,- деп түсіндіріп өтті ол.
«Қазірден бастап ұйымдастыру тұрғысынан да, мазмұн тұрғысынан да айтарлықтай дайындық жұмыстары қажет»,- деп санайды президент. «Бұл Сыртқы істер министрлігі мен үкіметтің ғана емес, барлық мемлекеттік басқару органдарының міндеті»,- деп атап өтті мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті